Нормативтік құжаттар » Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2017

Нормативтік құжаттар

«Келісемін» «Бекітемін»
Райымбек аудандық «Білім бөлімі» Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептің
мм басшысы:__________Р.Ә. Таударбекова директоры:_____________Г.Р.Талипова

«Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2016-2017 оқу жылына арналған жалпы орта білім берудің жұмыстық оқу жоспары
1. Түсініктеме
«Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерде Жаңа оқу жылында:
1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады:
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты;
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №309 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;

2) 2-11-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады:
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
 «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 8 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;
 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі №251 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары.
ҚР білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 маусымдағы «Жалпы білім беретін оқу орындарында 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы»№ бұйрығын, Алматы облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 10 шілдедегі «Жалпы білім беретін оқу орындарында 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы»№ бұйрығын, Райымбек аудандық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 25 шілде 2016 жылғы «Жалпы білім беретін оқу орындарында 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы» № 196 бұйрығын басшылыққа ала отырып 2016-2017 оқу жылына арналған негізгі орта білім берудің типтік, 10-11 сыныптарға арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыт, филология бейіні, жаратылыстану-математикалық бағыт, физика-математика бейіні бойынша оқу жоспары жасалынды.
Орта білім берудің негізгі мақсат – міндеттерінің бірі білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына , олардың рухани әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады. Бұл міндеттер 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің ( бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары мен оқу жоспары арқылы жүзеге асады.

«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 958-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ:
мынадай мазмұндағы 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-2) негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2-3) жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
25, 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 3-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының шеңберінде: 3-сыныпта жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта – 10 сағат бастауыш сынып мұғалімдерінің оқытуымен іске асырылады; 6, 8, 9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының шеңберінде жылдық оқу жүктемесі 15 сағаттан дене шынықтыру мұғалімдерінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының шеңберінде 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу уақытында жүргізіледі.
26. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 3-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының шеңберінде іске асырылады: «Ана тілі», «Музыка», «Бейнелеу өнері», «Технология»; 6, 8-сыныптарда сабақтан тыс уақытта, сынып сағаттары мен факультативтер есебінен іске асырылады.»;
35, 36, 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Оқу жылының ұзақтығы 3, 4, 6, 8-11-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.
36. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативтік, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 3-сыныпта – 29 сағаттан,
4-сыныпта – 29 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан,
9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.
37. Оқу жылында 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы каникул күндерінің ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. Каникулдардың нақты мерзімін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілейді.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Пәндік нәтижелер 3-4-сыныптарда базалық деңгейде, кейінгі сыныптарда үш деңгейде: базалық (міндетті) деңгейде, ықтимал жетік деңгейде 6, 8-11-сыныптарда (пәнді таңдау кезінде 1 сағат көлемінде вариативтік компонентті меңгеру үшін) және бейіналды жетік деңгейде
8-9-сыныптарда/бейіндік жетік деңгейде 10-11-сыныптарда (жалпы білім беру ұйымдары таңдап алған пәндерді тереңдетіп оқытатын үлгілік оқу жоспарларының нұсқаларын меңгеру үшін) белгіленеді.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Оқу пәндерін меңгерудің жетік (ықтимал және бейіналды/бейіндік) деңгейлері білім алушылар білімінің кеңейтілген және тереңдетілген көлемін, олардың іскерліктері мен дағдыларын қамтиды. Оқу пәндерін меңгерудің ықтимал деңгейі 6, 8-11-сыныптар үшін вариативтік оқу бағдарламалары негізінде жалпы білім беру ұйымдарының таңдауы бойынша іске асырылады. Оқу пәндерін меңгерудің бейіналды (8-9-сыныптар) және бейіндік
(10-11-сыныптар) деңгейлері тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу бағдарламалары негізінде іске асырылады.»;
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«65. Қалалық жалпы білім беру ұйымдарында сынып толымдылығы
24-ке жеткенде және одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде және одан асқанда, шағын жинақталған мектептерде – сабақ өткізу кезінде білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы қазақ тілі;
2) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін 6, 8-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;
3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы орыс тілі;
4) 3, 4, 6, 8-11-сыныптардағы шетел тілі;
5) 6, 8-11-сыныптардағы информатика;
6) бейінді пәндер;
7) 6, 8-11-сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары);
8) 6, 8-11-сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізу кезінде сыныпты 2 топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.»;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) көрсетілген қаулымен бекітілген орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6) көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7) көрсетілген қаулымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, отыз үшінші абзацтарын, 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 6-қосымшаның 10-тармағының 2) тармақшасын,
7-қосымшаның 10-тармағының 1) тармақшасын, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 6-қосымшаның 10-тармағының 3) тармақшасын, 7-қосымшаның 10-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
2. Негізгі орта білім берудің типтік жоспарлары ( Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 25.07.2013 жылғы №296 бұйрығы)
2016 жылғы 29 тамызда өткен педагогикалық кеңесте 2016-2017 оқу жылына арналған жұымстық оқу жоспары ( Бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары, негізгі орта білім берудің типтік жоспары, 10 сыныптың қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану математикалық бағыты бойынша қосымшасы, 11 қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану математикалық бағыты бойынша қосымшасы ) бекітілді.
Оқу пәндері бойынша мемлекеттік стандартқа сәйкес базалық мазмұны білім алушылар дайындығының міндетті деңгейіне қойылатын талаптар толығымен орындалу Қазақстан Республикасының «Білім Заңына» сәйкес және жалпы орта білім мазмұны дүниені біртұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларының мазмұны арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады.
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
Мектеп және оқушы компонентінің пәндері бойынша емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.
Назар аударыңыздар! 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің түлектерін қорытынды аттестаттау мен ҚР жоғары оқу орындарына іріктеу тесті өзгереді. «Білім туралы» ҚР Заңына орта білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау рәсімін бөлу және жоғары оқу орнына оқуға түсу туралы түзетулер енгізілді.

Жоспар мектептің 2016 жылғы 29 тамыз күні өткен педагогикалық кеңесінде бекітілді.
Вариативті компоненті бойынша берілген мектептік компонентінің таңдау сабақтары төмендегідей бөлінді 1-2 сыныптар оқушыларының сауатты жазу. Ауызша және жазбаша дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында апталық жүктемесі 1 сағат «Тіл дамыту», «Көркем жазу» таңдау сабақтары жүргізіледі.3 сынып оқушыларының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында апталық жүктемесі 1 сағаттан «Тіл дамыту»- 1 сағат «Көркем жазу» математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып білуге, оқушының өмір тіршілігіне және мектептің негізгі сатысында оқуын жалғастыру мақсатында апталық жүктемесі 1 сағаттан- «Логикалық математика»таңдау сабақтары өткізіледі.
4 сыныптарда оқушылардың оқырмандық мәдениетін жетілдіру, қазақ халқының әдеби мұралары туралы жүйелі түсінік беру, шығармашылық бағытта ізденіс жұмыстарын жүргізу, пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында апталық жүктемесі 1 сағттан «Тіл дамыту»,1 сағаттан «Көркем жазу», 1 сағатан «Елтану»сабақтары жүргізіледі. Жоспар мектептің 2016 жылғы 29 тамыз күні өткен педагогикалық кеңесінде бекітілді
Негізгі орта білім беру деңгейі
Жалпы орта білім мазмұнының инвариантты бөлігіне негізгі саты деңгейінде «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология» және «Дене шынықтыру»деп аталатын жеті білім саласы арқылы жүзеге асырылады.Әр бір сала бірнеше пәндерді қамтиды.

Оқу жылында Базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігінде «Дене шынықтыру» білім саласында оқушылардың қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары, дана дамуының, жеке гигиенаның ережелерін, психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларын үйрету мақсатында оқу жүктемесі аптасына 3 сағттан берілген. Топтық оқыту, оның ішінде оқушы саны 20 баладан асқан жағдайда сынып екі топқа бөлініп оқыту жүзеге асырылды. 5 а, 6ә,7а,7ә,8ә,9а сыныптары 20 баладан асқандықтан 2 топқа бөлініп оқытылады.
5-9 сыныптар арасында вариативті компоненті бойынша мектептік компонентінен: 5-9 сынып оқушылар арасында Қазақстан елінің тарихын білу, білімдерін жетілдіру, әдеби мұралары туралы жүйелі түсінік беру, ақпараттық жұмыстар жаза білуге үйрену және қызығушылығын арттыру мақсатында апталық жүктемесі 1 сағаттан «Қолданбалы экономика», «Тарих әлемі», «Мұқағалитану», «Бердібектану», «Сауаттылық сыры», «Жер және табиғат» т.б. факультатив сағаттары жүргізіледі.
9 сыныптардда дүние жүзі халықтарының діни мәдениетін зерделеу түсінігін қалыптастыру, білімдерін жетілдіру мақсатында апталық жүктемесі 1 сағат «Зайырлылық және дінтану», «Информатика және ақпарат», «Абайтану»сабағы жүргізіледі. Жоспар мектептің 2016 жылғы 29 тамыз күні өткен педагогикалық кеңесінде бекітілді
Оқушы компонентінің жеке және топтық консультациялар, белсенді қозғалыс сипатындағы сабақтар бойынша бөлінген сағаттар: 7,8,9 сынып оқушылары арасында белсенді қозғалыс сипатындағы «Футбол», «Күй дүбірі», «Қыл қалам», «Жас суретші», «Шебер қолдар» атты үйірме апталық 1 сағаттан жүргізіледі.
Негізгі сатыдағы оқу жоспарының ерекшелігі:
Мектеп, оқушы компоненті бойынша:
5-11 сыныптар бойынша
1. Морфология
2. Көркем сөздің зергері
3. Абайтану
4. Өсімдіктер әлемі
5. Дәрілік өсімдіктер
6. Жас суретші
7. Химия есептерін шешу
8. Сәндік қолданбалу қолөнер
9. Жас дәрігер
10. Қазақ еліне саяхат
11. Ұлы дала тарихы
12. Бердібектану
13. Мұқағалитану
14. Тарих әлемі
15. Қызықты информатика
16. АӘД «Дала жиыны»

Оқытудың жаратылыстану-математикалық бағыты 10-11 сынып
2016-2017 оқу жылы бойынша оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескере отырып, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің көмегімен вариативті компоненттік курстардың тізімі жасалды.Оқушылардың қай пәнге қызығушылығы, бейімділігі анықталғаннан кейін ата-аналар өтініші бойынша Қазақстан Рспубликасының білім және ғылым министрінің 27.08.2012 жылғы №1080 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру сатандартын негізге ала отырып, жалпы орта білім беру деңгейінің оқу жоспары негізінде 10 сыныптар жаратылыстану-математика бағыты бойынша математика, химия, физика, география, биологиялық бейіні оқытылады. 11 сыныпта жаратылыстану-математика бағыты бойынша вариативті компонентінде қолданбалу курстар -6 сағат. Олар 1 сағаттан математика, биология, химия, физика ,АӘД және информатика пәндеріне берілді. Таңдау курстар -1 сағат. Жоспар мектептің 2016 жылғы 29 тамыз күні өткен педагогикалық кеңесінде бекітілді
Жаратылыстану-математика бағытында 10-11 сыныптар ерекшелігі:
Мектеп, оқушы компоненті бойынша:
1.Есептер шығару жолдары
2. Химиялық есептерді шығарту жолдары
3. Экология негіздері
4. Физика және техника
5.Жалпы географиялық заңдылықтар