Қамқоршылық кеңес жұмыстарының жүргізілу барысы жайлы » Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңес жұмыстарының жүргізілу барысы жайлы
07
январь
2018

Қамқоршылық кеңес жұмыстарының жүргізілу барысы жайлы

Педагогикалық кеңестің қаулысымен мектептің бұйрығы шығып әкімшілік отырысында бекітілді. 2017-2018 оқу жылына арналған «Қамқоршылық кеңестің» жұмыс жоспары жасалынып, тиісті адамдарға таныстырылды. «Қамқоршылық кеңестің» құрамы төмендегі комиссия мүшелерінен құрылды.
1.Тлевжанова Бибігул-«Қамқоршылық кеңесінің» төрайымы
2.Керімбаева Сағыныш- хатшысы
3.Мекетаев- мектеп инспекторы,мүшесі
4.Демеубаева Айсара- ауыл әкімшілігінің бас маманы,мүшесі
5.Толбекова Анар-ауылдық жастар ұйымы,мүшесі
6.Шотбаев Мақсат- жеке кәсіпкер,мүшесі
7. Алиева Гүлшат- «Қорғаншылық» кеңесінің төрайымы,мүшесі
8. Зординова Мимаш-ата-аналар комитеті,мүшесі
9.Осимбаева Қарлығаш- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мүшесі
«Қамқоршылық кенес» құрамы мүшелерінің отырысы өтіп, атқаратын қызметтерін белгіленді. Материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтап,отбасыларына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың әлеуметтік төлқұжаты жасалды. Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысып, акт жасалынды.
Егізекова Гүлжанат,Мұқымжанова Сара атты кәсіпкерлер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы,Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің 2017 жылғы 29 тамызда №15584 мемлекеттік тіркеу тізілімі, «Білім туралы»2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағы,Райымбек аудандық білім бөлімінің 23.09.2017 жылғы бұйрығын жүзеге асыру мақсатында,мектептің 23 қаңтар 2017 жылы №241 бұйрығы шығып, педагогикалық кеңесте бекітілді.
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясының іс-шара жұмыс жоспары жасалынды.Міндетті білім беру айлығының жоспарына сай мектепте 2-11 сынып аралығында қайырымдылық акциясы өткізіліп, әр сыныптағы аз қамтылған отбасы балаларына көмектер көрсетілді. «Қайырымды жан» тақырыбында мақалалар жазылып,ілінді.
Ауыл имамы Исабол Манап 10.000 (он мың)теңге көлемінде әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына ақшалай көмек қолын созды.
2017 жылдың 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде. Акция барысында мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары,ауыл кәсіпкерлерімен үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Мектеп мұғалімдерінен бүгінгі күнге ақшалай, заттай әлеументтік аз қорғалған оқушыларға көмектер көрсетілуде.
2017 жыл 6 қыркүйек күні ауылдық мәдениет үйінде «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» ұранымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.Акция кезінде мектептегі аз қамтылған,жетім,жартылай жетім 30 оқушыға 155000 (жүз елу бес мың)теңге көлемінде мектеп формалары,спорт киімдері және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ,ауылдың емхана ұжымы 50.000 теңге көлемінде екі оқушыға мектеп формасы,оқу құралдарымен және спорт киімдерімен қамтамасыз етті. Мешіт 10.000 (он мың)теңге көлемінде ақшалай көмек берді. 1-11 сыныптың жетекшілері сыныптарындағы аз қамтылған отбасы балаларына 80000 (сексен мың)теңге көлемінде мектепке керекті форма,спорт киімдері,аяқ киімдермен оқу құралдарымен қамтамасыз етті.Мектептің шағын орталық ұжымы аз қамтылған отбасы баласы Г.Күлімбековаларға 15000 (он бес мың)теңге көлемінде азық түлік алып берді.
қараша айының 13 жұлдызында Б.Соқпақбаев атындағы орта мектепте «Жомарт жүрек» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Сол күні Аллах тағаланың ризашылығына, алғысына,сауабына бөленуге үміркер жандар бұл қоғамда да аз емес екенін бір дәлелдеп тастады. Риясыз көңіл, рақымшыл ниетпен ұйымдастырылған айтулы шараға Алматы облысы «Жартас Қазақстан» Қоғамдық қорының президенті Кайгатырова Роза Ерланқызы мектептегі аз қамтылған 30 отбасы балаларын 510.000 (бес жүз он мың) теңге көлемінде аяқ киімдермен қамтамасыз етіп, ата-аналар мен мектеп ұжымының алғысына кенелді.Аз қамтылған отбасы балаларының үйін аралап, көмегін көрсетіп қайты
Мектептегі 2 тұлдыр жетім,27 жартылай жетім, 28-аз қамтылған балаларға ыстық тамақ берілуде. Барлығы 41 бала. Күнделікті ыстық тамақ шамамен бір балаға шаққанда 300 теңгеден айналады. Ыстық тамақтың ішілуі мектеп әкімшілігі және құрылған комиссия құрамы,ата-ана комитеттері тарапынан қатаң бақылуда.

Похожие публикации:

29 апрель 2017 ҰБТ туралы
27 апрель 2017 Мектеп ұжымы